Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Наурыз айында «Самұрық-Қазына» қорының 650 қызметкері жұмыссыз қалуы мүмкін

27.02.2026, 16:35 63

Қазақстанның ұлттық әл-ауқат қоры «Самұрық-Қазына» құрылымында кадрлық оңтайландыру жүргізілмек. Жоспар бойынша, наурыз айының соңына дейін шамамен 650 қызметкер қысқартылуы мүмкін.

Бұл туралы қор басшысы Нұрлан Жақыпов мәлімдеген. Оның айтуынша, Астанада қор жүйесінде шамамен 6,5 мың қызметкер жұмыс істейді. Соның 10 пайызына жуығы әкімшілік-басқарушылық құрам өкілдері болғандықтан, қысқарту негізінен осы санаттағы қызметкерлерді қамтиды. 

«Бізде қызметкерлердің тиімділігін бағалау жүйесі бар. Қысқарту сол көрсеткіштерді ескере отырып жүргізіледі. Бұл өзгерістер өндірістік персоналға әсер етпейді», – деді Нұрлан Жақыпов. 

Қор мәліметінше, кадрлық өзгерістер барлық компаниялар тобы бойынша жүзеге асуы мүмкін. Қазіргі таңда қызметкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Айта кету керек, бұл шешім ұлттық компаниялардағы басқарушылық аппараттың тиімділігіне қатысты айтылған сыннан кейін қолға алынған. Мемлекет басшысы бұған дейін кеңейтілген Үкімет отырысында ұлттық компанияларда артық әкімшілік қызметкерлер бар екенін атап өткен еді. 

Осыған байланысты «Самұрық-Қазына» құрылымында ұйымдық өзгерістер жүргізіліп, басқару жүйесін оңтайландыруға бағытталған шаралар іске асырылмақ. 

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: