Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада бірқатар аумақтарда электр энергиясы уақытша ажыратылды

26.02.2026, 1:04 26

Қолайсыз ауа райының салдарынан Қызылорда қаласының бірнеше аумағында электр энергиясы уақытша өшірілді.

Электр жарығы Комсомол, Титов, Гагарин, Шанхай, КБИ, ДЭУ, Стадион, теміржол вокзалы, Сәулет мөлтек аудандарында, сондай-ақ Сабалақ, Талсуат елді мекендері мен Тасбөгет кентінде ажыратылған.

Қазіргі уақытта “Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы” АҚ тарапынан 18 шұғыл бригада және 20 арнайы техника жұмылдырылып, апатты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Мамандар электр желілеріндегі ақауларды анықтау және жою бағытында үздіксіз жұмыс істеп жатыр.

Жауапты мекеме электр қуатын қалпына келтіру жұмыстарын мүмкіндігінше қысқа мерзімде аяқтауды жоспарлап отыр.

Фото мен ақпарат: Қызылорда қаласының электр тарату торабы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: