Дәріге тұрып кезекке,
Мақтанғаным керек бе?
Өзге жұртқа еліктеп,
Түстік босқа әлекке.
Қозғап жасы-кәріңді
Аптекаға ел ағылды.
Қажетін іздеп сабылды,
Мықтыға сонша жалынды.
Танысты кетті қуалап,
Табылса сонан сұрамақ.
Алтыннан қазір бағалы,
Кішкентай дәрі құмалақ.
Кесірін қара, кеселдің,
Демеші, сәл жөтелдім.
Басыңды зорға көтердің,
Елемеуің, бекер тым.
Баладай аңғал қазағым,
Көргенді көзбен жазамын.
Түспеген оттан қазаның,
Өзіңнен тағы озар кім?!
Тойды әлі қоймадың,
Табысып жатыр бойдағың.
Сақтықты қашан ойладың,
Жиналып қыр-ойдағың.
Жоғалған дәрі сөреден,
Сиқыршысың не деген?
Базардан алсаң таңданба,
Ақысын қымбат төлеген.
Жұмабек Табынбаев,
Қазалы ауданы
Көрнекі сурет
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!