Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мәдениет саласының кеңейтілген алқа отырысы өтті

23.02.2026, 11:05 57

Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының кеңейтілген Алқа отырысы өтті.

Жиынға облыс әкімінің орынбасары М.Шермағанбет төрағалық етті. Оған басқарма басшысы Ж.Сейілов бастаған мәдениет ұйымдары басшылары және ZOOM платформасы арқылы аудан әкімдіктерінің салаға жауапты әкім орынбасарлары мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары қатысты.

Алқа отырысының күн тәртібінде бірнеше мәселелер қозғалды.

2025 жылы мәдениет және архив саласында атқарылған жұмыстар;
«Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы жобасының жүзеге асырылуы;
Аудандардағы «Руханият» орталықтарының қызметі.

Күн тәртібі бойынша басқарма басшысы Жанмұрат Жақсымұратұлы 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндап, 2026 жылғы байырқалы бастамаларға тоқталды.

Екінші кезекте облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығының басшысы Жанат Ашанқызы «Адал адам мәдени-тәрбие орталығы» жобасының жүзеге асырылуы барысына тоқталды. Мәдени шаралардың сапасын арттыру, шығармашылық үйірмелерді жандандыру, балалар мен жастарды өнерге тарту, материалдық-техникалық базаны нығайту мәселелері көтерілді. Жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жаңа форматтағы мәдени іс-шараларды енгізу қажеттігі де атап өтілді.

Сондай-ақ үшінші мәселе аудандардағы «Руханият» орталықтарының жұмысын жандандыру мәселесі кеңінен талқыланды. Әр ауданда республикалық және облыстық деңгейдегі іс-шараларды тұрақты өткізу, орталықтардағы кітапхана, музей және қоғамдық ұйымдардың қызметін үйлестіру тапсырылды.

Жиында облыстық филармония мен театрлардың аудандарға гастрольдік сапарларын ұйымдастыру, тарихи-мәдени ескерткіштерді 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін толық құжаттандыру, ескерткіштерге туристерді тарту, өңірдегі тарихи туризмді дамыту, оны ілгерілету бағытындағы жұмыстарды күшейту тапсырылды. Сонымен қатар архив саласын цифрландыру, «Е-Архив» ақпараттық жүйесіне көшу және архив қорындағы құжаттарды ғылыми айналымға енгізу мәселелері көтерілді. Кітапханалар жұмысын зерделеп, олардың тұрақты жұмыс жасауын қатаң бақылауға алу
және музейлердегі тақырыптық көрмелердің уақытылы ауысуын, олардың жаңартылуын, келушілерге тартымдылығын, қолжетімділігін қамтамасыз керектігі де айтылды.

Сонымен қатар, алдағы кезеңдегі басым бағыттар айқындалды.

Жиын соңында көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауға алынатыны атап өтілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: