Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бұрынғы президент өмір бойына бас бостандығынан айырылды

19.02.2026, 15:20 54

Сеулдің орталық аудандық соты Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ельге 2024 жылдың желтоқсанындағы бүлік туралы іс бойынша өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Отырыс көрсетілімі ұлттық телеарнада тікелей эфирде көрсетілді. 

Өткен жылдың қаңтарында бұрынғы президентке 2024 жылдың 3 желтоқсанында алты сағатқа созылған әскери жағдайдың қысқа мерзімді енгізілуінен кейін көтеріліс ұйымдастырды деген айып тағылды. 

Бұрынғы президент депутаттарға оның жарлығына қарсы дауыс беруіне жол бермеу мақсатында Ұлттық жиналыс аумағын қоршау үшін әскери қызметкерлер мен полицияны жұмылдырғаны, сондай-ақ Ұлттық жиналыс спикерін және сол кездегі билеуші және негізгі оппозициялық партиялардың жетекшілерін тұтқындауға бұйрық бергені үшін айыпталып отыр, деп жазды Yonhap. 

Айыптау актісіне сәйкес, Юн Сок Ель бұрынғы қорғаныс министрімен және басқа тұлғалармен бірге Конституцияға нұқсан келтіруге бағытталған тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және соғыс немесе осыған ұқсас ұлттық төтенше жағдай болмаған кезде әскери жағдайды заңсыз жариялау үшін сөз байласқан. 

Өткен айда іс бойынша соңғы тыңдау кезінде арнайы прокурор Чо Ын- Суктың командасы бұрынғы президент үшін өлім жазасын талап етіп, оның «сот және заң шығарушы билікті басып алу жолымен билікті ұзақ уақыт бойы сақтау мақсатында» әскери жағдайды жариялағаны үшін ең жоғары жазаға лайық екенін алға тартты.

  • Қылмыстың сипаты ауыр, себебі ол ұлттық ұжымның мүддесі үшін ғана пайдаланылуы тиіс материалдық ресурстарды жұмылдырды, — деп мәлімдеді арнайы прокурор тобы. 

Айта кету керек, Оңтүстік Кореяда өлім жазасы 1997 жылдан бері қолданылған жоқ. 
Қорытынды сөзінде Юн Сок Ель президенттің төтенше жағдай жариялау конституциялық құқығын жүзеге асыруды көтеріліс деп санауға болмайтынын алға тартып, өзінің кінәсіздігін қайталады.

  • Бұл азаматтарды басып-жаншып отырған әскери диктатура емес, бостандық пен егемендікті қорғау және конституциялық тәртіпті қалпына келтіру әрекеті болды, — деді ол. 

  • Еске салайық, экс-президентке 2024 жылғы желтоқсанда қысқа мерзімге әскери жағдай енгізу арқылы бүлік ұйымдастырды және билігін асыра пайдаланды деген айып тағылған.

Юн Сок Ёль шілде айынан бері қамауда, ол сол кезде әскери жағдайға байланысты істе екінші рет тұтқындалған болатын.

Юн Сок Ёль шілде айынан бері қамауда отыр. Ол желтоқсанда әскери жағдайды сәтсіз енгізуге байланысты айыптар бойынша екінші рет тұтқындалған.

Қаңтар айының соңында Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы Ким Кон Хиді іскерлік келіссөздер кезінде шіркеу бірлестігінен қымбат сыйлықтар алғаны үшін кінәлі деп тауып, бір жыл сегіз айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. 


Фото: Yonhap

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: