Алматыда 16-20 ақпан аралығында электр беру желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған орай, жарық уақытша өшуі мүмкін, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қала мен облыс аумағындағы электр желілерінде жүргізілетін жұмыстардың апталық кестесін жариялады.
Компанияның хабарлауынша, кейбір учаскеде жарық аз уақытқа өшуі мүмкін, бірақ бұл сол аумақтағы барлық үйге бірдей қатысты болмайды.
– Бұл жұмыстар электр желісінің тұрақты әрі сапалы жұмыс істеуі үшін жүргізіледі. Жарық тек басқа қорек көзіне қосу мүмкін болмаған ерекше жағдайда ғана және аз уақытқа өшіріледі, — деп түсіндірді компания өкілдері.
Жоспарлы жұмыстарға сымдарды бөгде заттардан тазарту, жабдықтарды жартылай ауыстыру және басқа да техникалық қызмет көрсету шаралары кіреді. Әдетте мұндай жұмыстар 1,5-2 сағаттан аспайды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!