Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қарасора-2020»: 64 дерек анықталды

26.06.2020, 18:30 627

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы көлемінде ағымдағы жылдың 1 маусым – 30 қазан аралығында «Қарасора-2020» республикалық арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Іс-шараның мақсаты есірткі заты бар өсімдіктерді өсіп-баптаудың алдын алу, героин трафигін жою, сондай-ақ есірткі, оның ішінде жаңа түрлерін таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне тосқауыл қоюға бағытталған.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Бектөре Сұлтанның айтуы бойынша, Іс-шара Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, «Бүркіт» арнайы жасағы, криминалдық полиция, жергілікті полиция қызметі, кинологиялық қызмет орталығы және т.б. қызметкерлерінің қатысуымен өткізілуде.

Іс-шара кезінде есірткі құқық бұзушылығының 64 дерегі анықталды. Есірткі өсіргені үшін барлығы 32 тұлға ұсталса, оның 10-ы қамаққа алынды. Оқиға орнынан 14 мың 626 түп сора өсімдігі және 2 дана атыс қаруы алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: