Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Мекемелермен хат алмасу тек мемлекеттік тілде жүргізіледі»

27.06.2020, 15:00 583

HALYQLINE.KZ Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстандағы мемлекеттік тілді дамыту және қолдау нәтижелері қандай деңгейде екенін айқындайтын басты көрсеткіш – бұл шынайы қоғамдық орта, қоғамдық ортаның мүддесі мен рухани саналы көзқарасы. Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынас. Бұл тіл – өте бай, мейлінше оралымды, таза тілдердің бірі.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс.

Бұл тарапта Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және одан әрі дамыту үшін өз үлесін қосып жатыр. Кез келген мемлекеттің дамып, өсіп-өркендеуі үшін ішкі тұрақтылық, заңдылық бұлжымай сақталуы тиіс. Заң талаптары мен әділдік үстемдік құрған қоғамда ғана ілгері даму болады. Бұл – өмірдің өзі дәлелдеген, талас тудырмайтын ақиқат.

Демек, ішкі істер органдарындағы қызмет оңай емес, толықтай өзін арнауды қажет етеді. Осынау күрделі жұмысты өздеріне жауапкершілік етіп алған полицей қызметкерлері барлық мемлекеттік органдармен, бағынысты басқармалар және мекемелермен хат алмасу тек мемлекеттік тілде жүргізуде. Біз қол жеткізген жетістік, орталық аппарат қызметкерлері өзіне тиесілі құжаттарды өз бетімен мемлекеттік тілге аударады немесе мемлекеттік тілде дайындайды. Сондай-ақ, мемлекеттік тілдің барған сайын ауқымын кеңейтуге, тілдің ресми қолданысы мен мәртебесін көтеруге байланысты көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда.

«Жеке құрам арасында өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілін жақсы меңгерген. Полиция департаменті бойынша мемлекеттік тілді дамытуға байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар қоғамның талап-тілегін уақытында өтеуге қызмет етуде жетістіктері көрініп келеді» – деп Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре атап өтті.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: