Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қауіп төнген жағдайда тұрғындарды көшіруге рұқсат етілуі мүмкін

10.02.2026, 16:25 68

Қазақстанда тұрғын үйге қатысты құқық азаматтарды негізсіз көшіруден қорғауы тиіс. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Конституциялық комиссия отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, халықаралық тәжірибеде тұрғындарды мәжбүрлі түрде көшіруге тек заңмен бекітілген және нақты шарттар сақталған жағдайда ғана жол беріледі. Мұндай шаралар адамның құқығын шектеу емес, керісінше оны қорғауға бағытталуы керек.

Сонымен бірге омбудсмен кей жағдайларда тұрғын үйден көшірудің өзі адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың жалғыз жолы болуы мүмкін екенін атап өтті. Әсіресе, ғимарат немесе аумақ тұрғындарға қауіп төндірсе, сол жерде қалу адам өліміне әкелуі ықтимал.

Осыған байланысты Артур Ластаев Конституцияда тұрғын үйден айыру немесе көшіру тек сот шешімімен ғана жүзеге асуы тиіс деген норманы нақты бекітуді ұсынды.

Фото «За нами уже выехали» телеграм арнасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: