Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бүгін – композитор Кеңес Дүйсекеевтің туған күні

10.02.2026, 16:30 84

Бүгін елімізге белгілі композитор Кеңес Дүйсекеевтің туғанына 80 жыл толды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі өнер саңлағы 1946 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысында дүниеге келген. «Гүлдер» ансамблінің бас дирижері, музыка жетекшісі, «Қазақконцерт» бірлестігінің көркемдік жетекшісі, Қазақ телевизиясы музыка редакциясының бас редакторы болды.

Ол – ұлттық эстрада мен симфониялық музыкада өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып, қазақ ән өнерін жаңа деңгейге көтерген тұлға.

«Толғау» симфониясының, «Жалаңтөс батыр» симфония поэма-картинасының, «О, дүние» кантатасының, «Жыл мезгілдері» романстар циклінің, «Мәди», «Аққу Жібек» мюзиклінің, «Алдар көсе» опереттасының және тыңдарман жүрегінен өшпес орын алған 200-ден астам әннің авторы.


Фото: жеке парақшасынан

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: