Сот мәліметінше, Семей қаласының тұрғыны 2024 жылдың шілдесінен 2025 жылдың сәуіріне дейін TikTok желісінде анонимді аккаунттар арқылы террористік сипаттағы материалдар таратқан. Ол жарияланымдары мен жеке хат-хабарларында зорлық-зомбылықты ақтап, радикалды идеологияны дәріптеген.
Прокуратураның нақтылауынша, сөз Қазақстан аумағында тыйым салынған «Ислам мемлекеті» террористік ұйымы туралы болған. Сот ер адамды терроризмді насихаттағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!