Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Макинск қаласында арық суының қызыл-қоңыр түске боялуы тексерілуде

09.02.2026, 11:00 80

Ақмола облысы Бұланды ауданына қарасты Макинск қаласында арық суының қызыл-қоңыр түске боялуы тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл құбылыс алғаш рет емес, бірнеше жылдан бері қайталанып келеді. Куәгерлердің пікірінше, күдікті жағдай қала маңында орналасқан жылуоқшаулағыш материалдар шығаратын зауыттың қызметімен байланысты болуы мүмкін. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда арық суының әдеттен тыс түске боялғаны анық байқалады.

Оқиғаға байланысты Экология департаменті тексеру жұмыстарын бастап, су көздерінен сынама алған. Зертханалық сараптама нәтижесінде су құрамындағы бірқатар ластаушы заттардың мөлшері шекті рұқсат етілген деңгейден бірнеше есе жоғары екені анықталған.Сонымен қатар тексеру барысында аталған кәсіпорынның экологиялық талаптарды толық сақтамағаны белгілі болды. Құзырлы органдар кәсіпорынға қатысты тиісті шаралар қолданылатынын мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, экологиялық қауіпсіздік талаптарының бұзылуы тұрғындардың денсаулығына және қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Осыған байланысты жағдай бақылауға алынып, қосымша тексерулер жүргізіледі.

Бейнежазба: Instagram – denski_rezerv

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: