Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Германия экономикасы триллионға жуық шығынға батты

08.02.2026, 14:30 42

Соңғы жылдардағы ірі дағдарыстар Германия экономикасына орасан салмақ түсіріп, ел шамамен 940 миллиард еуро көлемінде жалпы ішкі өнімнен айырылған. Бұл туралы Кёльн қаласындағы Германия экономикасы институты жүргізген зерттеуде айтылған.

Сарапшылардың есептеуінше, 2020 жылдан бері Германия экономикасы нақты өндірілмей қалған, яғни табыс ретінде алынбаған триллионға жуық еуроны жоғалтқан. Бұл әрбір жұмыс істейтін адамға шаққанда 20 мың еуродан астам шығын деген сөз.

Экономистер ең ауыр соққы 2025 жылға тиесілі болғанын атап өтеді. Жалпы шығынның шамамен төрттен бірі дәл осы кезеңде тіркелген. Мұның басты себептерінің бірі – АҚШ-пен арадағы сауда шиеленісі. Бұл қақтығыс сол кездегі Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп әкімшілігінің саясатына байланысты күшейген.

Институт зерттеушісі Михаэль Грёмлингтің айтуынша, қазіргі онжылдық ерекше күйзелістермен сипатталып отыр.

– Бүгінгі экономикалық қысым көлемі алдыңғы дағдарыстармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Бұл экономикаға бұрын-соңды болмаған жүк түсірді, – дейді ол.

Салыстыру үшін, 2000 жылдардың басындағы экономикалық тоқырау Германияға шамамен 360 млрд еуро, ал 2008–2009 жылдардағы жаһандық қаржы дағдарысы 525 млрд еуро шығын әкелген. Ол кезеңдерден кейін экономика біртіндеп қалпына келген болатын.

Ал қазір Германия экономикасы іс жүзінде тоқырау жағдайында. Пандемиядан кейінгі үш жыл ішінде экономикалық белсенділік 2019 жылғы деңгейден аса алмады. 2025 жылы өсім небәрі 0,2 пайызды құраған.

Сарапшылар Германия үшін құрылымдық реформалар мен жаңа экономикалық серпін беретін саясат қажет екенін алға тартып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: