Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен салтанатты шарамен әлемнің басты қысқы спорт додасы – XXV қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде басталды. Ашылу рәсімінде әр елдің спортшылары дәстүрлі шерумен аренадан өтіп, Олимпиада алауы жағылды.
Қазақстан құрамасы да салтанатты шеруге қатысты. Ел намысын қорғаған спортшыларды бастап, көк Туымызды Денис Никиша мен Аяулым Әміренова алып шықты.
Биылғы қысқы Олимпиада ойындарына әлемнің 93 елінен шамамен 3000-ға жуық спортшы қатысуда. Қазақстан атынан 36 спортшы 10 спорт түрі бойынша жүлделерді сарапқа салады.
Айта кетейік, Олимпиада ойындары бірнеше апта бойы өтіп, қысқы спорттың түрлі бағыттары бойынша мықтылар анықталмақ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!