Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 30 млрд теңгелік екі ірі инвестициялық жоба басталғалы тұр

04.02.2026, 13:05 113

Бұл туралы Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек Қызылорда облысында берген брифинг барысында баяндады. Биыл 2 ірі инвестициялық жоба іске асырылуы жоспарланып отыр. Оның бірі – күн электр станциясын және деректерді өңдеу орталығын салу болса, екіншісі жол бойынан газ құю станцияларын арттыру.

– 2025 жылы желтоқсан айында Өңірлік үйлестіру кеңесімен жалпы құны 30 млрд теңге болатын екі жобаны іске асыру мақұлданып, қазіргі таңда жер учаскелерін беру бойынша құжаттары рәсімделуде. Оның бірі «G Power Energy» (Джи Пауэр Энерджи) жауапкершілігі шектеулі серіктесігінің «Күн электр станциясын және деректерді өңдеу орталығын салу» жобасы. Жобаның жалпы құны 29,5 млрд теңге. Жобаны іске асыруға Жосалы кентінің аумағынан 200 гектар жер учаскесін беру бойынша жұмыстар атқарылуда. Жоба іске қосылғанда 45 жаңа жұмыс орындары ашылады. Екінші жоба «Алаш метан» жауапкершілігі шектеулі серіктесігінің «Метан бекеттерін салу» жобасы. Жобаны іске асыруға «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойынан 1 гектар жер учаскесін беру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоба құны 600 млн теңге, іске қосылғанда 23 жаңа жұмыс орындары ашылады, — деді аудан әкімі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: