Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада тәулік бойы ашық кітапхана мен жаңа драма театр бой көтереді

03.02.2026, 19:01 39

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңа салынатын кітапхана мен драма театрдың құрылыс алаңына барып, жобалардың жүзеге асу барысымен танысты. Бұл нысандар Сыр өңірінің рухани өмірін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған ірі бастамалардың қатарында.

Мәдениетке серпін берген бұл шешім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында көтерген бастамалармен тікелей байланысты. Сол жиында Президент Қызылордада жаңа драма театр мен тәулік бойы жұмыс істейтін заманауи кітапхана салу қажеттігін атап өткен еді. Мемлекет басшысв өз сөзінде өңірдің зиялы қауымымен кездесуде айтылған ұсыныстардың ескерілгенін жеткізіп, бұл құрылыстарды созбай, нақты іске көшіру керектігін баса айтқан болатын. Нәтижесінде, биылдың өзінде екі бірдей ірі мәдени жоба құрылыс кезеңіне өтпек.

Инвестор қаражаты есебінен салынатын кітапхананың жалпы құны – 20 млрд теңге. Ғимарат 13 мың шаршы метр аумақты қамтып, 1 миллионнан астам кітап қорын сақтауға мүмкіндік береді. Жылына 250–300 мың оқырманға қызмет көрсету жоспарланған. Жоба аясында ашық форматтағы оқу залдары, электронды каталогтар, 50 адамға арналған цифрлық ресурстар залы қарастырылады. Сонымен қатар медиа-лаб, подкаст студиясы секілді инновациялық кеңістіктер ашылып, кітапхана тек кітап оқитын емес, идея тудыратын, пікір алмасатын заманауи орталыққа айналмақ.

Ал жаңа драма театрдың салынуы – Сыр сахнасының тұрақты көрермендері үшін үлкен жаңалық. Қазақ театр өнерінің қарашаңырағы саналатын Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театр соңғы жылдары шығармашылық серпіліс кезеңін бастан өткеріп келеді. Былтыр бір жылдың ішінде төрт бірдей халықаралық фестивальде топ жарып, өңір абыройын асқақтатты. Жаңа ғимарат актерлердің кәсіби дайындығын жетілдіруге, күрделі сахналық шешімдер мен ауқымды декорациялар жасауға жол ашады. Кең тынысты акустика, соңғы үлгідегі жарық және дыбыс жүйелері қойылым сапасын жаңа деңгейге көтермек. Бұл театр өнерінің мүмкіндігін кеңейтіп қана қоймай, жас актерлерге де тың серпін береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: