Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өнер орталығы уақытша жабылады

03.02.2026, 11:20 57

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтондағы Джон Кеннеди мемориалдық өнер орталығын уақытша жабу жоспары барын мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters сайты деп жазады halyqline.kz тілшісі.

Оның айтуынша, мекеме шілде айынан бастап күрделі жөндеу жұмыстарын бастау жоспарына сәйкес екі жылға жабылады. Елдегі басты мәдени орталықтардың бірі соңғы айларда дау-дамайдың ортасында қалды: Трамп өзін төраға етіп тағайындады, жұмыс концепциясын өзгертуге бастамашы болды, қайта ұйымдастыру туралы жариялады және есімін басқарма деңгейінде мекеменің атына енгізді.

Бастапқыда орталықты жабу Тәуелсіздік декларациясына қол қойылғанына 250 жыл толуына орай, 4 шілдеге жоспарланған болатын. TruthSocial әлеуметтік медиа платформасында Трамп Кеннеди орталығын «сәттілік, сұлулық және ұлылық» символына айналдырудың ең жылдам жолы уақытша жабылу деп санайтынын айтты. 

Орталық басшылығы бұл мәлімдемеге әзірге түсініктеме берген жоқ. Трамп соңғы шешімді директорлар кеңесі мақұлдауға тиіс екенін және жобаны қаржыландыру қазірдің өзінде қамтамасыз етілгенін түсіндірді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Трамп Кеннеди орталығын басқарып, оның жақтастарынан директорлар кеңесін құрды. Желтоқсан айында басқарма мекеменің атауын Дональд Дж. Трамп-Джон Кеннеди атындағы өнері мемориалдық орталығы деп өзгертуге дауыс берді. Бұл шешім наразылық тудырды: біраз әртіс пен топтар саяси қысымды алға тартып, өнер көрсетуден бас тартты.

Демократтар орталықтың атауы Конгрессте бекітілгенін, сондықтан ұсынылған атауды өзгерту дұрыс емес екенін атап өтті. Джон Кеннедидің отбасы бұл бастаманы марқұм президенттің мұрасына нұқсан келтіру әрекеті деп атады.

Тарихи тұрғыдан алғанда, Кеннеди орталығында жыл сайын 2000-нан астам іс-шара, соның ішінде Кеннеди орталығына құрмет көрсету рәсімі өтеді. Жоспарланған жабылуға қарамастан, ағымдағы кестеде әлі де жазғы және күздің басындағы қойылымдар, соның ішінде «Мулен Руж», «Миссис Даутфайр» мюзиклдері бар.


Фото: inforesist.org

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: