Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа Ата заң жобасындағы негізгі өзгерістер: Құрылтай, Халық кеңесі және «Миранда ережесі»

01.02.2026, 13:00 30

Жаңа Конституциясы жобасында мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты бірқатар түбегейлі өзгерістер ұсынылып отыр. Соның ең маңыздыларының бірі – бір палаталы Парламенттің құрылуы. Жобаға сәйкес, заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган ретінде Құрылтай құрылады. Оның құрамына пропорционалды сайлау жүйесі арқылы сайланатын 145 депутат енеді. Депутаттардың өкілеттік мерзімі – 5 жыл.

Сонымен қатар, ел азаматтарынан құралған Қазақстан Халық кеңесін құру көзделген. Бұл орган Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын жалғастырады. Халық кеңесі Құрылтайға заң жобаларын енгізу құқығына ие болады, сондай-ақ жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтере алады. Кеңес халықтың мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган ретінде жұмыс істемек.

Жаңа Конституция жобасында адам құқықтарын қорғауға бағытталған маңызды құқықтық тетік – «Миранда ережесі» бекітіледі. Бұл ережеге сәйкес, күдіктіні ұстаған сәттен бастап оған айыптың мәні мен барлық негізгі құқықтары міндетті түрде түсіндірілуге тиіс. Егер бұл талап сақталмаса, жүргізілген тергеу әрекеттері заңсыз деп танылуы мүмкін. Аталған норма азаматтарды қысымнан қорғауға және әділ тергеуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: