Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аралда балық өнімін экспорттау көлемі 120 пайыздан асты

30.01.2026, 16:40 55

Арал ауданында балық шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Бұл туралы аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев айтты.

– Өткен жылы ауданда 6 726 тонна балық өңделді. Оның 3 475 тоннасы алыс-жақын шет елдерге экспортталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 121 пайыздық өсімді көрсетіп отыр, – деді ол.

Әкімнің айтуынша, бүгінде ауданда жылдық қуаттылығы 30 мың тоннаға жуық 10 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Оның екеуі Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік беретін «Еврокод» сертификатына ие.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: