Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Арал ауданы инвестиция көлемі бойынша айтарлықтай өсім көрсетті

30.01.2026, 16:30 56

Өткен жылы Арал ауданында инвестициялық белсенділік айтарлықтай артты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев айтып берді.

– 2025 жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 53,1 млрд теңгені құрады. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 37,3 пайызға артық. Мұндай өсім ауданда жүргізіліп жатқан жүйелі экономикалық саясат пен инвесторларға қолайлы жағдай қалыптастырудың нәтижесі, – деді аудан әкімі.

Әкімнің айтуынша, тартылған инвестицияның негізгі бөлігі өнеркәсіп, инфрақұрылым және кәсіпкерлік салаларына бағытталған. Соның ішінде өндірістік нысандар салу, жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту, инженерлік желілерді дамыту және сервистік қызмет көрсету объектілерін іске қосу басым бағыт ретінде айқындалған. Сондай-ақ аудан басшысы алдағы кезеңде инвестициялық жобалардың саны арта түсетінін атап өтті. Қазіргі таңда құны ондаған миллиард теңгені құрайтын бірқатар ірі жобалар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталып, кейбірі кезең-кезеңімен іске қосылуда.

Аудан әкімінің сөзінше, инвестиция көлемінің өсуі Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беріп, өңірдің ұзақ мерзімді дамуына берік негіз қалайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: