Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ла лига 20 маусымда басталады

08.05.2020, 17:31 436

HALYQLINE.KZ –| «Леганес» футбол клубының бас бапкері Хавьер Агирре Ла лиганың 20 маусым күні басталатынын мәлімдеді» деп жазады Prosports.kz.

Бапкердің айтуынша, оларға чемпионаттың басталатын және аяқталатын уақыты алдын ала хабарланған екен.

– Ла лиганың басталатын уақыты бекітілді. Чемпионатты 20 маусымда бастап, бес аптада аяқтау жоспарланып отыр. Чемпионаттың басталатыны жайлы бізге хабарлады. Өте қуаныштымыз, ертеңнен бастап жаттығуға кірісетін боламыз, – деді Хавьер.

Айта кетейік, бұған дейін Германия Бундеслигасы 16 мамырда басталатыны ресми хабарланған болатын. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: