Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Легионерлерге үміт артқанша, қандас спортшыларды неге шақырмайды?

22.04.2024, 18:25 197

Күрес түрлерінен Бішкекте өтіп жатқан Азиялық іріктеу турнирінде 18 салмақ дәрежесінде 36 лицензия тігіліп, 195 спортшы Парижге жолдама үшін бақ сынады.

Қазақстаннан күрестің үш түрі бойынша он алты балуан қатысты. Біздің елдің атынан шетелден келген легионер ретінде сынға түсіп, Париж олимпиадасына жолдама алған Юсуп Батырмурзаев та бар. Ол 1996 жылы 13 сәуірде Ресейдің Дағыстанында туған. Қазіргі кезде Ақтөбе облысынан күресетін Ю.Батырмурзаев үш жыл бұрын Токио олимпиадасына қатысып, жүлде ала алмады.

20 сәуір күні Бішкектегі лицензиялық сайыста әйелдер күресінен 68 келі салмақта сынға түскен Елена Шалыгина қырғыз қызы Мейірім Жұманазаровадан (6:2) жеңілді. Одан кейін Шалыгина солтүстіккореялық спортшы Сол Гум Пактан уақытынан ерте жеңіліп, жолдамадан айырылды. Отыз сегіз жастағы спортшы Шымкент қаласында тұрады.

Начын Кулар биыл күрестен Елордада өткен Ел біріншілігінде 65 келі салмақта үшінші орын алды. 28 жастағы балуан Шымкенттің атынан қатысады. Ол Ресей және Еуропа жеңімпазы мен жүлдегері атанған.

Жалпы күресте шетелде жүрген этникалық қазақ балуандар бар. Олар: Абусайман Хабила (Қытай), Ақтеңге Кеунимжаева (Өзбекстан) және т.б

Қазақстан күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыхановқа айтарымыз: Ресейдің үшінші-төртінші нөмірлі спортшыларын елімізге шақырғаннан пайда жоқ. Одан да қазақ ұл-қыздарына жағдай жасап, Иран, Әзірбайжан, Америка, Жапония және Ресейге оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға жыл сайын жіберу керек. Сонда ғана жетістік болады.

Айбек Мұханов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: