«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 419.54 (-0.42)

  • EUR: 509.2 (-1.68)

  • RUB: 5.72 (0)

Айсамал Сансызбаева – Әлем кубогының жеңімпазы

19.11.2020, 10:45 210 0

HALYQLINE.KZ Перудің Лима қаласында ауыр атлетикадан өткен онлайн Əлем кубогында жерлесіміз Айсамал Сансызбаева алтыннан алқа тағынып, көк туымызды желбіретті.

Жарыстың соңғы күнінде 81 келіден жоғары салмақ дəрежесінде жасөспірімдер арасында сынға түскен Айсамал жұлқа көтеруде – 107, серпе көтеруде – 137 келіні көтеріп, қоссайыс нəтижесінде 244 келіні бағындырды.

Айта кетейік, ол былтырғы жылы Солтүстік Кореяның Пхеньян қаласында өткен Азия чемпионатында 2 мəрте күміс жүлдені иеленген болатын.

А.Сансызбаева – Шиелі ауданының тумасы, қазіргі таңда Ж.Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжде оқиды. Жаттықтырушылары – Арман Абдраев жəне Нұрсұлтан Бахрадин.

Дүбірлі бəсекеге Еліміздің намысын облысымыздан төрт спортшы қорғады. Атап айтсақ, Рахат Бекболат пен Айсамал Сансызбаева Əлем кубогының жеңімпазы атанды. Ал, Азамат Төлеген мен Мейрамбек Əбдіхалық 4-орындарды иеленіп, шеберліктерін шыңдады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: