«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 420.29 (0.75)

  • EUR: 506.87 (-2.33)

  • RUB: 5.66 (-0.06)

Легионерлерден бас тарта аламыз ба?

17.06.2020, 12:10 187 0

HALYQLINE.KZ  «Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында шетел мамандары мен спортшыларды шақырту тәжірибесінен бас тарту ұсынысы жасалды. Осы орайда Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолданды» деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барлық жас топтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Балаларға арналған спорт инфрақұрылымының барынша қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет. Бұл бағытқа заңнамалық қолдау, сонымен қатар бұқаралық спортты дамытудың кешенді жоспарын қабылдау қажет», – деп тоқталды депутат Сәкен Қаныбеков.

Осы орайда ол қомақты қаржы жұмсалатын футбол саласына тоқталды. Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің деректері бойынша, 2016 жылда – 3,5 млрд теңге, 2017 жылда – 4,6 млрд теңге, 2018 жылы – 8,9 млрд теңге бағытталды.

«Бірақ, біздің ақпарат бойынша тек «Астана» футбол клубының бір жылдық бюджеті 12 млрд теңгені құрайды. Бұл тұрғыда комитет ақпараты шындыққа сәйкес емес. Қаржыландыру көлемінің қомақты болуына қарамастан, қазақстандық футболға әлемдік аренада әзірше орын жоқ. Басқа спорт түрлерінің қаржыландырылуы әлдеқайда қарапайым болса да, бірақ Олимпиада ойындарында, әлемдік чемпионаттарда, Азия ойындарында және басқа да маңызды жарыстарда ең жақсы нәтижелерді көрсетіп, бірнеше рет еліміз Туын көтерді», – деді депутат.

Оның пайымынша, жыл сайын спорт және дене шынықтыру саласындағы уәкілетті орган легионерлерді қысқарту бойынша саясатты жүргізеді. Дегенмен, олардың саны қысқартылмайды.

«Әлемде коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай кезінде барлық спорт түрлерінде бюджеттік шығындарды қайта қараудың уақыты келді. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы соңғы жарияланымдарға сүйене отырып, көптеген Еуропа елдері, сондай-ақ, Ресей мамандар мен легионерлерден бас тартуды қолдады. Осы шешімдердің қабылдануы жас спортшылардың ішкі әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді», – деді С.Қаныбеков.

Осы орайда ол бірнеше ұсынысты жария етті. Бұл тұрғыда шетел мамандары мен спортшыларды тарту тәжірибесінен бас тарту, барлық спорт түрлеріне жұмсалатын шығындарды аймақтар бойынша талдау қажеттігін, әр спорт түріне бюджеттің бірыңғай нормаларын орнату мәселесі көтерілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: