«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 423.87 (0)

  • EUR: 505.25 (0)

  • RUB: 5.59 (0)

Тікелей эфирінде атқарылған жұмыстар сараланды

20.11.2020, 16:00 66 0

HALYQLINE.KZ «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің «Antikor Ortalygy» сервистік орталығында Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ағымдағы жылы атқарылған жұмыстары бойынша тікелей эфир өткізілді.

Аталған тікелей эфирге спикер ретінде, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары, Бақытжан Ниязов және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Алмат Жақыпов қатысты.

Негізгі тақырып, Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде, басқарма мен бөлімшелерінде ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлыққа карсы атқарылған жұмыстар жайлы болды.

Тікелей эфирде сөз алған Бақытжан Ниязов Қарулы Күштердің, яғни, қорғаныс саласының мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі елеулі орнын және де өзінің тәртібі мен кәсіби шеберлігінің арқасында халық тарапынан дұрыс көзқараста екендігін атап өтті.

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайту және азаматтардың Қарулы Күштерге сенімін көтеру мақсатындағы «Қарулы Күштері – Адалдық Алаңы» кеңселері жобасы аясында қорғаныс істері жөніндегі департаментінде, басқарма мен бөлімшелерінде жүргізіліп жатқан тиімді іс-әрекеттер көп. Әскери қызметшілер тарапынан облысымыздың жастарына, соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және балалар үйлеріне жасалып жатқан үлкен игі істер жалғасын тауып, оң бағасын алуда. Мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде де Сыр жастарының Отан қорғауға деген белсенділіктерінің артқанын да байқауға болады», – деді Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Алмат Жақыпов.

Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қолдауда қорғаныс істері жөніндегі департаментінде, басқарма мен бөлімшелерінде атқарылып жатқан істер аз емес. Сыбайластық дертін азайту жолындағы жұмыстар жалғасын тауып, нәтижелерін берері сөзсіз.

Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: