Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бишімбаев сотына Собчактың келуі қазақстандық журналистердің наразылығын туғызды

23.04.2024, 17:10 99

22 сәуірде Астанадағы экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотына кремлшіл журналист Ксения Собчак қатысқанын көрген боларсыз. Жоғарғы сот оған ерекше жағдай жасағанын айтқан жергілікті журналистер мұны «алалау» деп бағалады. General News журналисі Диана Матвеева сот өкілдері ресейлік журналист кірген әжетхана мен лифтіге басқаларды кіргізбей қойғанын жазды. Қоғамда резонанс туғызған процестен хабар таратып жүрген журналистердің бірі Жания Ұранқаева сот өкілдері қазақстандық журналистерді сот залына кіргізбей, кіргізсе де бір орынға тұрғызып қойғанын, ал Собчак кірген қоғамдық әжетхана мен лифтіге басқаларды жолатпағанын «әділетсіздік» деп бағалаған. The Economist журналының журналисі Джоанна Лиллис «Бишімбаев сотында Z-жұлдыздардың бірі Ксения Собчакқа ерекше жағдай жасалды» деді. Собчактың келуін жақсы қабылдаған журналистер де болды. Олар отбасындағы зорлық-зомбылық – Собчак назар аударған және көп елде кездесетін көкейкесті проблема дейді. Қазақстандық журналистердің уәжіне жауабында Собчак аккредитацияны Жоғарғы соттан алғанын, тәуелсіз журналист ретінде осы іс туралы материал дайындап жатқанын жазды.

Дереккөз (Фото): Azattyq

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: