Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда STEM жобасы іске асады

30.06.2020, 15:00 2098

HALYQLINE.KZ Қазақстанда STEM және елдегі білім беруді дамытудың инновациялық жолдары туралы кең ауқымды мәселелерді талқылауға бағытталған «Білім керуені» атты бірегей білім беру жобасы іске қосылуда. Білім саласындағы жергілікті және шетелдік сарапшылар пайдалы әрі қызықты идеялары мен шешімдерін әзірлеу үшін өздерінің білімдері мен тәжірибелерін біріктірмек. Жобаны «Шеврон» компаниясының бастамасы және қолдауымен ғылыми-техникалық білім беру саласындағы қазақстандық мамандар тобы жүзеге асырады. Қауымдастықта 20-дан астам қазақстандық және 7 халықаралық кәсіби сарапшы қосылып, жұмыс істейді.

 – Білім саласындағы инновациялар, оның ішінде ғылыми-техникалық пәндер, сондай-ақ, қазақстандықтардың шығармашылық әлеуетін толық іске асыру үшін жағдай жасау әрқашан біздің әлеуметтік бағдарламаларымыздың басты элементі саналады. Ал «Керуен» жобасы – білім беру саласындағы мұғалімдер мен ойшылдардың, аты танымал тұлғалар мен әдіскерлердің және кәсіпкерлердің басын біріктіріп, өздерінің білімі мен тәжірибелерін жариялаудың бірден-бір мүмкіндігі. Ал осы білім алмасудың нәтижесінде көптеген жаңа идеялар мен жобалар жүзеге асырылады деген үміттеміз, – дейді «Шеврон» компаниясының өкілі Лейла Айтмұханова.

Оқытудағы пәнаралық көзқарас зерттелетін және ғылыми-техникалық тұжырымдар нақты өмір кеңістігінде зерделенетін STEM білім беру бағытына, яғни, ғылымға (Science), технологияға (Technology), инженерия (Engineering) мен математикаға (Math) қызығушылықты арттыру мақсатында «Білім керуені» жобасы өз бастамасын алды.

STEM білім беру аймағында еңбек ететін оқытушыларды, үкіметтік емес ұйымдар мен үкіметті, жастар мен бизнес өкілдерін бір-бірімен пікір алмасуға, білім беру жүйесін жақсарту негізінде бірлескен шешімдер мен тәжірибеге негізделген ұсыныстар жасауға, сонымен қатар STEM білім беру әлемінде барлық мүдделі тараптар үшін мәліметтер дерекқорын/платформасын құру – жоба мақсаты.

Жоба екі кезеңнен тұрады:

• «Қазақстандағы STEM білім беру бағыты: ағымдағы жағдайы мен болашағы» атты тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізу.

• STEM мен білім саласындағы өзге де бағыттарда еңбегі сіңген жергілікті және шетелдік сарапшылардың қатысуымен online және бетпе-бет кездесу түріндегі вебинарлар, дәрістер, ашық таныстырылымдар мен сұхбаттар және өзге де қызықты іс-шаралар өткізу.

Жобаның бағыттары:

• Орта білім беру шеңберіндегі стратегиялық шешімдер;

• Орта білім беру жүйесіндегі басқару;

• STEM-нің негізгі орта білім беру бағдарламасында, таңдау пәні ретінде, педагогикада және инклюзия бағытындағы көрінісі;

• Цифрландыру және болашақ мамандықтар.

Мақсатты аудитория: оқушы жастар, педагогтар мен ата-аналар, зерттеушілер мен сарапшылар, мектеп әкімшілігі мен барлық деңгейдегі білім беру департаменттерінің басшылары, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, бизнес, қоғамдық қорлар.

Жобаның қорытынды өнімі:

– Инфрографика форматындағы және классикалық нұсқадағы (қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі) зерттеулер;

– Жоба аясындағы мүдделі тараптарға арналған стратегиялық ұсыныстар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: