Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақтың бас дәрігері коронавирусты қалай емдейтіні туралы айтып берді

21.04.2020, 13:34 511

HALYQLINE.KZ –|  Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды қалай емделетіндігі туралы мәлімдеді.

– Коронавирусты қалай емдейді?

– Емнің тағайындалуы науқастың тікелей жағдайын байланысты. Өздеріңіз байқап жүрсіздер, ешқандай белгісі жоқ жағдайда да ауру анықталып жатқан адамдар бар. Әрине, оларға тағайындалатын ем жеңілдеу болады. Ал тамақ ауруы, жөтел, жоғары температурамен түскен науқастарға жасалатын емнің көлемі көптеу болады. Қазіргі уақытта бүкіл науқастың ішінде 22-сі пневмониямен тіркелген. Әрине оларға ем күрделілеу болады.

– Емнің түрі қалай іске асады?

– Дәл осы коронавирусты алмағанның өзінде қарапайым өкпе қабынуы аурулары былайынша да кездеседі. Сол жағдайда бір ғана дәрімен емдемейді. Мысалы көп қолданылатын «Цефазолин» бар. Ал пневмонияны тек қана «Цефазолинмен» ғана емес басқа антибиотиктермен де емдейді. Сол сияқты мына коронавирус инфекциясында да вирусты науқас болғандықтан вирусқа қарсы препараттармен емделеді.

– Науқастардың жазылып шыққандығы қалай белгілі болады?

– Науқастардың жалпы жазылып, ем алып шығуына келетін болсақ, өткенде де айтып жүрмін олардың 80 пайызы –  ешқандай шағымы жоқ, қанағаттанарлық деңгейде келіп жатқан науқастар. Бірақ тест азаматтардың бойында коронавирустың бар екендігін дәлелдеп отыр. Яғни, біз тесттің қорытындысына сенеміз. Тест вирус бар деп тұр. Сондықтан осы вирус әрі қарай ауру тудырып, асқынып кетпеу үшін біз вирусқа қарсы емді тағайындаймыз.

– Емделіп шыққаннан кейін науқастар бақылана ма?

– Хаттамаға сәйкес ем алғаннан кейін қайтадан вирус жойылды ма, жойылған жоқ па соны зерттейміз. Екі рет тест теріс мәнді берді деген сөз, ол – емнің қорытындысымен ағзадағы вирус жойылды деген мағына. Біз тесттің қорытындысына сүйенеміз.  

Мәлімет «Naqty Aqparat»тан

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: