Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бигелдинов зеңбірегінде оқ таусылғанша соғысқан

24.01.2021, 17:00 669

HALYQLINE.KZ Атақты батырымыз Талғат Бигелдинов өзінің алғашқы махаббатын Чкалов ұшқыштар училищесінде оқып жүрген кезінде кезіктірген. Қыздың есімі – Айнагүл. Олар бір көріскеннен бір- бірін ұнатты. Бір біріне жылы шырай танытып, бұйырған аз ғана уақыт араластықта ғашықтық сезім екі жанның бойында еш кедергісіз үйлесімді орын тепкен еді. Арада көп өтпей, соғыс кезеңінің салқыны тиіп, олар екі жаққа айырылысуға мәжбүр болды. Екеуі де қан майданға аттанды. Қоштасар кезінде өзара уәде байласты. Соғыс бітіп, Отанымыз тамаша жеңістің төрінен көрінген соң жұптасып, үйленіп, қалған өмірін бірге тыныштықта бақытты өткізетіндеріне үміт артады.

Талғат Бигелдинов соғыста батыл шайқасты. Ол асқан шебер ұшқыш болды және Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Ал 1944 жылдың желтоқсан айында Талғат жан түршігерлік хабар естіді. Оның сүйіктісі Айнагүл дүниеден озды. Айнагүл мінген санитарлық көлікке неміс ұшағы оқ жаудырған. Айнагүл ауыр жараланады. Үш оқ оның жас жүрегін жарып жіберді…

Ғашығына жіберген соңғы хатында Айнагүл: «Сүйіктім менің, өзіңізді сақтаңыз. Сізде көптеген марапаттар бар, ал ең жоғарғысы, қазірдің өзінде батырсыз, осының өзі мықтылығыңызды айдай әлемге көрсетіп тұр. Мен сіздің тірі болғаныңызды қалаймын. Естимісіз! Маған сіздің тірі болғаныңыз керек. Мен сізді өте жақсы көремін…». «Махаббат» сөзінде хат үзіледі…

Сүйіктісінен, үміт артқан қымбат адамынан айырылудың ауыр азабын бастан кешеді… Бірнеше күн бойы ұшқыш Бигелдинов көңілі құлазып, мең-зең күй кешіп жүрді. Бір күні ол қауіпті тапсырма алды. Талғат Бигелдинов кек алу үшін Карпат шатқалына емін-еркін жайғасып алған немістердің үш ірі гитлерлік мың колоннасына жойқын шабуыл жасап, тас-талқанын шығарады. Немістерді фосфор бомбаларымен, реактивті снарядтармен және пулемет оқтарымен бірін қалдырмай қырып тастады. Сүйіктісі үшін бар күш-жігерін салып күрескені соншалық, өз аэродромына келгенде, ұшақтар тесіктерде толып, зеңбірек пен пулеметтерде бірде-бір оқ қалмаған…

Батыр жауынгер Талғат Бигелдинов керең Карпат шатқалында мың фашисті жойып, сүйіктісінің құрметіне осылайша «құлпытас» тұрғызды.

Талғат Бигельдинов екі рет батыр атағын алған. 1945 жылы соғыс біткенше, соғыс майдан алаңында болған.

Қазақшалаған Раушан Жакешбай

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: