Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үндістанда пандемия үдеп барады

28.05.2020, 10:25 454

HALYQLINE.KZ 28 мамырда Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны – 5 691 790, өлім саны – 355 629, айыққандар саны – 2 350 088 адам болды (жаңартылған уақыты 09:45).

Үндістанда бір тәулікте 6,5 мыңнан астам адам вирус жұқтырған

Үндістанда бір тәулік ішінде коронавирустық инфекцияның жаңа түрін жұқтырған 6,5 мыңнан астам адам анықталған, осылайша елдегі вирус жұқтырғандардың жалпы саны – 158 333.

Денсаулық сақтау және отбасы әл-ауқаты министрлігінің мәліметтері бойынша, 86 110 адам ем қабылдап жатыр. 67 691 адам (тәулігіне 3266 адам) сауығып шықса, 4531 адам (тәулігіне 194 адам) қайтыс болды.

Ел орталығындағы Махараштра штатында аурудың барлық жағдайының үштен бірінен астамы – 56 948 (тәулігіне 2190) жұқтыру оқиғасы тіркелген. Екінші орында Тамилнад штаты – 18 545 ауру (тәулігіне 817). Үшінші орынға астаналық Дели шықты, онда 15 257 адам (тәулігіне 792 адам) бар.

Бұған дейін Үндістанның Ішкі істер министрлігі 25 наурыздан бастап елдегі оқшаулау режимін 31 мамырға дейін ұзартып, штаттарға коронавируспен ауырғандардың санына байланысты қызыл, қызғылт сары және жасыл аймақтарды бөліп көрсетуге нұсқау берді. Бүгіннен бастап ел билігі зауыттардың және жеке дүкендердің жұмыс істеуіне рұқсат берді. Белгілі бір шектеулермен қоғамдық көлік жұмысын қайта бастады, сондай-ақ бірқатар ішкі авиарейстерге рұқсат етілді, арнайы пойыздар басқа штаттарда қалып қойған мигранттарды тасымалдауды бастады.

31 мамырда Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди 11 ірі қалаға қатысты оқшаулау режимінің жаңа ережелері туралы хабарлайды.

Дүниежүзінде 5 691 790 адам коронавирус жұқтырды. (соңғы мәлімет)

355 629 адам қайтыс болды.

2 350 088 науқас құлан-таза айықты.

АҚШ-та 1 699 176 жағдай тіркелді, 391 508 адам сауығып шықты, 100 418 адам қайтыс болды.

Бразилияда 411 821 жағдай тіркелді, 166 647 адам сауығып шықты, 25 598 адам қайтыс болды.

Ресейде 370 680 жағдай тіркелді, 142 208 адам сауығып шықты, 3 968 адам қайтыс болды.

Ұлыбританияда 268 619 жағдай тіркелді, 1 166 адам сауығып шықты, 37 542 адам қайтыс болды.

Испанияда 236 259 жағдай тіркелді, 150 376 адам сауығып шықты, 27 117 адам қайтыс болды.

Италияда 231 139 жағдай тіркелді, 147 101 адам сауығып шықты, 33 072 адам қайтыс болды.

Egemen.kz сайтының деректері қолданылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: