Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Таиландта туристердің қоқысын пошта арқылы өз еліне жібереді

21.09.2020, 16:15 580

HALYQLINE.KZ «Таиландта жергілікті экологияға зардабын тигізіп жүрген адамдармен күресудің оңтайлы тәсілі ойлап табылды. Танымал Хауи ұлттық паркінің қызметкерлері туристерге өздері қалдырған қоқыстарын пошта арқылы қайта жібереді» деп хабарлайды Egemen.kz

Бұл туралы елдің Экология министрі Варавут Силпа-Арча мәлімдеді.

Келушілер саябаққа кірмес бұрын олар ең алдымен мекенжайларын көрсетуі тиіс. Себебі қоқысты тастап кеткен жағдайда оларды тауып алу тиімдірек болмақ. Сондай-ақ, құқықбұзышыларға қатысты шағымдарды полиция өкілдеріне хабарлай алады.

Таиландтың экология министрі Силпа-Арча өзінің Facebook парақшасында қоқыстарды жинастырып, оларды өз иелеріне жіберуге әзір екенін айтты.

«Сіз бұл пластикалық бөтелкелер, банкалар мен чипси қаптамаларын Хауи ұлттық паркінде ұмытып кеттіңіз!», – деп жазбада көрсетілген.

Сондай-ақ, министр келушілердің саябақты ластап, су айдындарын бітеп тастағаны үшін заңнама бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе айыппұл салынуы мүмкін екендігін еске салды. Ұлттық парк әкімшілігінің айтуынша, қоқыстың қалдықтары жануарлар үшін өте қауіпті екенін жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: