«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.05 (0)

  • EUR: 509.29 (0)

  • RUB: 5.58 (0)

Президент еңбек министріне жұдырық жұмсады

18.09.2020, 11:15 144 0

HALYQLINE.KZ

Әлеуметтік желіде Гвинея президентінің елдің еңбек министрін аяусыз соққыға жыққан видеосы тарап кетті. Мемлекет басшысы қол астында қызмет еткен шенеунікті нашар жұмысы үшін жазаламақ болыпты. Бұл туралы Nur.kz таратты.

Қазақстандық сайттың жазуынша, Milli Gazete атты түрік басылымы желіде Гвинея президентінің ашуға бой алдырып, мемлекеттің еңбек министрін ұрып-соғып жатқан сәтінің видеосын жариялады. Бұл туралы centralasia.media сайтынан белгілі болды. «Африкалық Гвинеяда президент Альфа Конде көшенің қақ ортасында еңбек министрін аяусыз соққыға жықты», – деп жазылған бейнежазбаның астында.

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, мемлекет басшысы министрді жұмысын дұрыс атқармағаны және қызметіне салғырттықпен қарағаны үшін айыптаған. Бұл жайт салдарынан ашуға бой алдырған президент шенеунікті көше ортасында елдің көзінше соға бастайды. Мемлекет басшысы оған жұдырық ала жүгірсе, министр оның жойқын соққыларынан сақтану мақсатында одан қашып жүрген.

Айта кетейік, бүгінде әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 30 миллионнан асты. Жазылғандар саны – 2,024 млн адам. Жер бетінде коронавирустан қаза тапқандардың саны – 950 мың адам.

Айта кетсек, COVID-19 індеті пайда болғанына әлі бір жыл да толмаған. Алғаш болып вирус Қытайда өткен жылдың желтоқсанында тіркелген еді.

Сурет видеокадрдан скриншот жасалған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: