Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Адамзат тарихындағы ең қатал басшы кімдер? (2-бөлім)

02.01.2021, 14:00 456

HALYQLINE.KZ

Уильям Брайант және Фрэнсис Мэй

Бұлар кім еді?

Уильям Брайант және Фрэнсис Мэй «Брайант және Мэй» сіріңке фабрикасының қожайындары болған. Ұзақ жылдар бойы шылымқорлар өз қалталарында Брайант пен Мейдің сіріңкелерін ұстап жүрген. Сонымен бірге балалардың қандары мен көз жастарын арқалап жүрді.

Олар неге жаман болды?

Англиядағы викториандық дәуір бұл қабаттасқан көшелерде шомылмаған, егеуқұйрықтармен қоректенетін, аянышты әндерді айтып, билеп жүретін балалардың уақыты болатын. Сол уақыттағы ауыз толтырып айтарлықтай қарсылыққа ие болған жүрексіз басшы болуы үшін не істеу керек еді? Міне, сіздерге Брайант пен Мэйдің әдісін ұсынамыз.

Біріншіден, жұмысқа жасөспірім қыздарды қабылдады. Олар өте көп еді, өзге амалдары болмайтын және олар басшыларын қорғасын мұржалармен ұрып тастай алмайтын. Қыздарға күніне 12 сағаттан жұмыс істеуге мәжбүрлеп, аптасына 4 шиллинг (бүгінгі бағамдаумен 20 доллар көлемінде) ғана төлеп отырған.

Істеген жұмыстары жалақыларынан көп болса да, жалақылары алатын тамақтарынан аз болса да, олар өздерінің моральді рухтарын түсірмеді, жұмыс берушілер жұмысшылардың тәртіп бұзғандары үшін ұзақ сонар айыппұл салу тізімін жасап қойды. Онда әжетханаға рұқсатсыз бармаудан бастап аяқтардың ластығына дейін барлығы болатын.

Кейде Брайант пен Мэй өзге сіріңке фабрикалары өте көп табыс табатынын байқайтын. Мұның себебі неде болуы мүмкін? Әрине, жұмысшыларды өте аз қинап отырмыз деп ойлайды! Олар сіріңкені тез тұтанатын, барлық жағынан қауіпсіз қызыл фосфордан жасайтын. Одан бөлек ақ фосфор да болатын, бұл оларға барынша арзан түсетін. Оның басты кемшілігі – қолданғанда адамның бетін ашытып күйдіру.
Шындығында мұны «фосфорлы жақ» деп атады. Бұл аурудың себебі оның түтінін ішке тым ұзақ жұтуда еді. Бұл аурудың белгілері ісікке әкеп соғатын тіс аурулары, абсцесстен және қатты іріңдеп кету салдарынан төменгі жақ сүйек шіруінен басталады. Содан кейін жылтырап, жасыл түске ене бастайды. Мұның бір ғана емі – адам қайтыс болмай тұрып, дене мүшесі жарамды болып тұрғанында кесіп тастау керек болады.

Брайант пен Мэй мұны білді. Ақ фосфордан жасалған сіріңке мен онымен жұмыс істеудің жағымсыз әсерлерін ондаған жылдар бойы білген. Фабрикадағы қыздардың кейіптерінің сұрықсыздана бастауы шыдамдылықтың шегіне жетіп, көтеріліске шығуға әкеп соғады. Сол кездегі еңбек қайраткерлерінің назарын өздеріне аудартып, өз құқықтарын қорғап шыға алды.

Брайант пен Мэйдің компаниясы ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп, өз қожайындарына көптеген табыс әкелді.


Макс Бланк пен Айзек Харрис

Бұлар кім еді?

Макс Бланк пен Айзек Харрис «Трайангл» тігін фабрикасының қожайындары мен басқарушылары болды.

Олар неге жаман болды?

Бланк пен Харрис жұмысқа арнайы түрде тек қана әйелдерді, жоғарыда айтып өткен жолдастар секілді жастау, көбінде ешқайда кете алмайды деген эмигрант боп келген әйелдерді қабылдайды. Оларға аптасына 6-7 доллар (1909 жыл үшін өте аз) ғана төлеп, кейде жұмысшылар жалақысын көтеруді сұраса, басқарушылар бұл «жындыларды» бастарынан ұрғызу үшін адамдар жалдайтын. Жеңіл өнеркәсіп жұмысшыларының кәсіподағы өзге жұмыс берушілермен келісімге отырғанда, Бланк пен Харрис болса қарсылық жасады. Бұған қосымша сыртқа шығатын басты есіктердің бірін өндірістік ұрлықты болдырмау мақсатында жауып тастайды. Кенеттен өрт шыққанда не болатынын айтпағанда, мұны да мардымсыз деп санауға болар еді.
1911 жылдың 25 наурызында айтқандай, өрт шықты. Бір ғана шығаберіс түтінге толып, отқа оранғанша, кейбіреулер шығып үлгерді. Кейбірі кенеттен құлап кеткен апаттық есіктен шығып үлгерген. Қалғандары жабулы есіктің маңында тұзаққа түскендей тірідей жанып кете барды. Барлығы 146 адам қаза болды. Бұл Нью-Йорк тарихындағы ең сұмдық өрт болды.

Бланк пен Харристі осы қылмыс үшін соттаған болатын. Олардың бақытына орай куәгерлерге қарағанда олардың ақшалары көп болатын. Сондықтан да ол екеуі Макс Стойерді жалдап, ол тірі қалғандардың куәліктерін жыртып тастайды да, өрттің себебі ашулы еңбек кәсіподақтардың ұйымдастырғаны деп көрсеткен. Ал есіктердің жабық болғанын ешкім де дәлелдеп бере алмайды. Әрине, есікті жапқан құлыптарды табады. Ол шын мәнісінде жабық болған. Алайда мұны кәсіподақ жасай алмас па еді?

Бұл Бланк пен Харриске ыңғайлы болды. 23 отбасы «Трайангл» фабрикасындағы өрт туралы іс бойынша ұтып шықты. Олардың әрқайсына 75 доллардан, бұл сол кездегі 2 мыңнан сәл ғана аз көлемде төледі, ал қожайындар сақтандыру компаниясынан 60 мың алған болатын…


Генри Лоеб

Бұл кім еді?

Теннеси штаты, 1968-1971 жылдардағы Мемфис мэрі. 1971 жылдан бері жұмыссыз.

Ол неге жаман болды?

Үлкен қалалар негізінде қала орталағында неше түрлі суреттер салып тастайтын бейдәстүрлі сексуалдық бағыттағы суретшілердің субмәдениетінің арқасында көркейіп кетеді. Тізім бойынша бұдан кейін қала көрсететін қызмет түрлері жүреді. Және де Құрама Штаттардың қапырық әрі бықсып кеткен оңтүстігінде көшелерді қоқыстан тазарту қызметіндей қажетті қызмет түрі жоқ. Бұндай қаланың мэрі, қандай амалмен болса да, қоқыс шығарушылардың игілігі үшін барын салуға тырысады деп ойлап қалуымыз мүмкін.
Бірақ, өкінішке қарай, 60-жылдары бұлай бола қоймады, әсіресе Мемфисте. Оның үстіне ақ нәсілді бай мэр мен қара нәсілді қоқыс тазартушылар болған кезде. Қоқыс салатын бактар немесе урналар жоқ, ал «Негрлер жинай салады» атты жүйеге сүйенген адамдар әртүрлі керексіз заттарды бейберекет лақтыра беретін қалада мардымсыз ақыға қоқыс жинау жұмысын атқару бір басқа да, өзінің қаскөй болғаны себепті ғана бассыздыққа жол берген Лоеб сықылды атқамінерге жұмыс істеу – мүлдем басқа нәрсе. Жұмысшылар ағаштардың көлеңкесінде тұруға болмайтын. Түскі ас-ауқатқа 15 минут берілетін. Алайда ең жаманы қоқыс таситын машиналар еді. Ескі, ақаулы машиналар өте сенімсіз болып, жұмысшылар бұл жайында Лоебке қайта-қайта айта берді. Ақыр аяғында осы бұзық машиналардың бірі екі жұмыскерді жаншып, оларды қоқыспен бірге турап, бөлшектеп тастады.
Жұмысшылар ереуілге шығып, қалалық кеңес қала басшылығының бұл қам-қарекеттері тіпті 60-жылдардың соңындағы Оңтүстік стандарттары бойынша да дұрыс емес деп ұйғарды. Бірақ Лоеб кеңестің ұйғарымын кері қайтарып, демонстранттарды көзден жас парлататын газ шашып, таратып жіберу үшін полицияны жіберді. Қоқыс шығарушылардың ереуілі нақ осы сәтте қалаға ондаған мың наразалық білдірушілермен бірге Мартин Лютер Кингті келтіріп, азаматтық құқықтарды талап еткен ұлттық қозғалыстың ісіне айналды. Ал Лоеб болса, әскери жағдай жариялап, Ұлттық гвардияның 4 мың адамын тартты.

Кинг 1968 жылғы сәуірдің 3-інде қоқыс шығарушыларға арнап сөз сөйледі. Ал оның ертесі күні оны өлтіріп кетті. Кингтің өлімінен соң Лоеб те, қала да әйтеуір ереуілшілердің талаптарымен келіскенін айтып өтуге арзи ма екен. Сосын олар өз уәделерінен тайып, Лоебтің жеңілгенін мойындату үшін тағы бір ереуілге шығамыз деп қорқытуына тура келді.

Мақала әлеуметтік желіден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: