Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жолшылар үстел теннисінен сынға түсті

10.03.2023, 20:25 510

Наурыз мерекесі қарсаңында Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Шымкент қаласында үстел теннисінен республикалық турнир өткізді.

Спартакиадаға филиалдар мен Кәсіпорынның орталық аппараты қызметкерлерінен 20 команда қатысты. Жекелей біріншілікте 100-ге жуық адам бақ сынаса, соның 18-і – қыз-келіншектер қауымы.

Мұндай жарыстар кәсіпорында командалық рухты нығайту және ішкі коммуникацияларды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып келеді. Бір күнге зертханалық құрал-жабдықтарын ракеткаға ауыстырған жолшылар жарыстың көркін қыздырып, спорт сайыстары талас-тартысқа толы болды.

Осы бәсекеде өнер көрсеткен Қызылорда филиалының мамандары да жүлдеге таласты. Қыздар арасындағы додада Динара Демесінова қолаға қол жетім жерден тоқтап, төртінші орынды иеленсе, Орынкүл Мырзабаева үздік бестікке енді. Осылайша жалпыкомандалық есепте сырбойылық нәзік жандар алдыңғы қатардан көрінді. Өкінішке қарай, бұл жарыста ерлердің жолы болмады. Олар жеңіске деген жігерлік танытқанымен қарсыластардың шеберлігі басым болды.

Айта кетейік, үстел теннисінен жолшылар спартакиадасы енді дәстүрлі түрде өтетін болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: