Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Виктор Кумыков – “Қайсар” ФК-ның бас бапкері

13.12.2022, 17:00 320

HALYQLINE.KZ  Премьер-лига жолдамасын жеңіп алған «Қайсар» футбол клубын тәжірибелі бапкер Виктор Кумыков жаттықтырады.

Виктор Кумыков қасқырлардың жанкүйерлеріне етене таныс. Ол бұған дейін де қызылордалық клубта жұмыс істеген. Атап айтсақ 2004 жылы ресейлік маман «Қайсардың» тізігінін ұстап, Сыр жанкүйерлерін жеңіспен қуантқан еді. Сондай-ақ Виктор бапкер «Елімай», «Есіл», «Шахтер», «Ордабасы», «Атырау», өзбекстандық «Мащьал», «Насаф», «АГМК», «Андижан» клубтарын жаттықтырған. Қазақстан футболы тарихында тұңғыш рет «Шахтерді» Еуропа лигасының топтық кезеңіне жеткізді. Үш мәрте Қазақстанның үздік бапкері атанса, «Шахтер» футбол клубымен екі дүркін премьер-лига жеңімпазы, бір мәрте Қаззақстан кубогы мен суперкубогының иегері болды. 2008 жылдан бері PRO категориялы жаттықтырушы.

– Қызылорда менің ыстық ұям десем болады. 20 жылдан кейін қайта оралуға мүмкіндік алдым. Аймақ басшысы, Сыр жанкүйерлері сенім артып, жауапты қызметтің тізгінін ұстатты. «Қайсардың» алға қойған мақсатын жүзеге асыруда аянып қалмаймын. Алда үш оқу-жаттығу жиынын өткізіп, чемпионатқа тыңғылықты дайындық жүргіземіз, – деді Виктор Кумыков.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: