Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Сыр еліне «Қазақстан барысы» атағын әкелуге тырысамын

28.12.2023, 18:00 486

Елімізде алыптардың басы бір арнада тоғысатын «Қазақстан барысы» турнирі дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Қызылордалық жігіттер намысты қолдан бермей, жеңіс мінберінен көрініп жүр. Қазақ күресінің байрақты бәсекесінде күш сынасып, керемет нәтиже көрсетіп жүрген «Сыр барысы» додасының 4 дүркін чемпионы Нұрым Сәлімгереев келер жылғы жоспарымен Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында бөлісті.

– Жыл бойы тәуір нәтижелер көрсеттік деп ойлаймын. Келер жылдың 15 қаңтарынан бастап дайындыққа кірісеміз. Қазақ күресінің ең шыңы Астана күніне орай өткізілетін «Қазақстан барысы» екенін білесіздер. Бұған дейін, сырбойылықтар жеңімпаз атанды. Биыл да Сыр елінің перзенті жеңіске жетеді деп сенемін және жерлестірімді қуантуға барымды саламын. Ал, осы жылы Шығыс Қазақстан облысында ұйымдастырылған әлемдік қазақ күресінде 100 келі жоғары салмақтан гран-при иелендім. Бұл сайысқа біршама елден жиналған 30 балуан қатысқан болатын. Ел намысын 3 жігіт қорғаған болатынбыз. Биылғы ең үлкен жетістігім осы деп есептеймін, – деді Нұрым Сәлімгереев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: