Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шардаралықтар Әлем құрамасын тізе бүктірді

31.05.2021, 12:00 702

HALYQLINE.KZ Мамыр айының 30 күні Түркістан облысы, Шардара қаласында Қол күрес әлемін шулатқан дүбірлі дода «Шардара Армспорт vs Әлем құрамасы» арасындағы жекпе жек кездесуі өтті.

Аталған сайысқа Әлем құрамасы сапында Ресей, Грузия, Латвия, Украина, Өзбекстан  елдерінен кіл мықты Әлем, Еуропа, Азия чемпиондары бақ сынады.

Алғашқы 57 келі салмақта «Шардара Армспорт» құрамасының спортшысы Нұрмахан Ердаулет ресейлік спортшы Ахмат Айбазовқа қарсы 5 раундық жекпе-жектің нәтижесі бойынша 5-0 есебімен жеңіске жетсе, келесі 70 келі салмақта «Шардара Армспорт» құрамасының спортшысы Қадір Нұрдаулет грузиялық спортшы Вилени Габраваны өте тартысты әрі қызықты өткен сайыста  4-1 есебімен жеңіп, Қазақ елінің намысын абыроймен қорғады.

78 келі салмақта бақ сынаған «Шардара Армспор»т құрамасының спортшысы Айдархан Нұрдаулет украиналық қарсыласы Роман Мантиканы  5-0 есебімен тізе бүктіріп Шардара Армспорт құрамасының еншісіне тағы бір жеңіс сыйлады.

86 келі салмақта Шардара Армспорт құрамасының спортшысы, әлемге «ең жылдам» атымен танымал болған Талғат Ақтаев латвиялық спортшы Владислав Красовскийге қарсы бақ сынады. 5 раундтық жекпе жектің нәтижесі бойынша  4-1 есебімен Талғат жеңіске жетіп, өз мықтылығын тағы бір мойындатты.

Соңғы жұп осы сайыстың ең ауыр салмағы 95 келіде «Шардара Армспорт» құрамасының сапынан Қаржау Есболат бақ сынап, Өзбекстан елінің спортшысы Жасур Алиакберовқа қарсы өткен 5 раундтық жекпе жекте 4-1    есебімен  Өзбекстан спортшысын тізе бүктірді.

«Шардара Армспорт vs Әлем құрамасы» арасындағы жекпе жек кездесуінде , жалпы командалық есепте  5-0  есебімен «Шардара Армспорт» құрамасы жеңіске жетіп, қазақ елінің абыройын асқақтатты.

Барша Қазақ елі және спорт сүйер қауым атынан, жеңіс тұғырынан көрінген «Шардара Армспорт» құрамасын жеңісімен құттықтай отыра, алдағы бұданда үлкен дүбірлі додаларда жеңіс тұғырынан көрініп, Қазақ елінің әнұранын шырқатып, абыройын асқақтатып жүре берулерін тілейміз!

Айбек МҰХАНОВ,

журналист

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: