Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сәкен Бибосынов қоржынға қола медаль салды

05.08.2021, 11:15 372

HALYQLINE.KZ  Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов (52 келі) қола жүлдегер атанды.

Ол жартылай финалда ұлыбританиялық Галал Яфаймен қолғап түйістірді. Екінші және үшінші раундта Сәкеннің басымдығы байқалды. Қорытынды нәтижеде төрешілер ұлыбританиялық боксшының қолын көтерді.

Сәкен Бибосынов 1997 жылы дүниеге келген. 2019 жылы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Сәкен бұған дейін Пуэрто-Рикодан келген Янкиель Ривераны, франциялық Биллал Беннамды, испаниялық Габриэль Эскобарды жеңіп кетті.

Еске салсақ, биылғы Олимпиадаға бокстан ерлер құрамасынан 8 спортшы барды. Олардың арасынан Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) қола жүлдегер атанды. Қазақстандық боксшылар бұған дейінгі Олимпиадаларда барлығы 22 медаль алған. Оның 7-і алтын, 7-і күміс, 8-і қола.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: