Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Рамазан Оразов «Льерс» клубына ауысуы мүмкін

13.12.2022, 18:00 475

HALYQLINE.KZ Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Бельгияның «Льерс» командасына ауысады. Бұл туралы Aladop телеграм-арнасы хабарлады.

Оразов биылғы маусымда батыс қазақстандықтар сапында ҚПЛ-да 22 матч өткізді. Ұлттық құрамаға 2021 жылы шақырту алып, осы уақыт аралығында алаңға 12 рет шықты. Қаршығалармен бірге Ұлттар лигасының С дивизионында топ жарып, команданың негізгі ойыншысына айналды.

Еске салайық, Рамазан Оразов спорттық жолында «Қайрат», «Ақтөбе», Ресейдің «Чайка» және Латвияның «Даугавпилс» клубтарында доп тепті. Әзірге жартылай қорғаушы мен бельгиялық команда арасындағы келісімшарт нақты қанша уақытқа жасалғаны белгісіз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: