Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық волейболшылар жеңімпаз атанды

29.03.2021, 18:30 526

HALYQLINE.KZ Түркістанда волейболдан 2008-2009 жылдары туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионаты өтті. Ел чемпионатында жерлестеріміз өздерінің мықтылықтарын дəлелдеп, он екі команданың арасынан көш бастады.

Қызылордалық волейболшылар финалда Ақтөбе командасымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Екінші орынды – Ақтөбе облысы алса, үшінші орынға Нұр-Сұлтан қаласының командасы ие болды.

Қызылордалық волейболшылар Ержігіт Айбекұлы, Мұсахан Шаптай және Сұлтан Төрехан жарыстың «Үздік ойыншылары» атанды. Волейболдан жасөспірімдер арасында облыстың аға жаттықтырушысы Болат Рысмахановтың айтуынша, пандемия салдарынан жазғы, күзгі, қысқы чемпионаттар өткізілмеді. Осы жас ерекшелігі бойынша команда жарысқа алғашқы рет қатысып, Қазақстан жеңімпазы атанды.

Енді құрама команда мамыр айында Орал қаласында өтетін Қазақстан Республикасының V Жастар спорт ойындарында бақ сынайды.

Команданы жарысқа Батырқожа Бабаев пен Самат Сопбеков дайындады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: