Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық волейболшылар үшінші рет жеңімпаз атанды

13.07.2021, 16:45 384

HALYQLINE.KZ  Нұр-Сұлтан қаласында отырып ойнау волейболынан өткен Қазақстан Республикасының кубогында облыс құрамасы алтын медаль иеленді.

Олар ақтық ойында Атырау командасын 3:1 есебімен жеңіп, үшінші мәрте Қазақстан кубогының иегері атанды.

Екінші орынды Атырау, үшінші орынды Маңғыстау облысының командалары еншіледі.

Қызылорда облысының құрама командасында Шыңғыс Медеуов, Мұхтар Қамысбаев, Бейбіт Кейкиев, Самат Әуезов, Алмат Манабаев, Сұлтан Алмасов, Омар Тұрманов, Ерасыл Әбдібек, Әділет Мұсахмет және Эрик Қасқабаевтар өнер көрсетті.

Облыс құрамасы енді 1-6 тамыз аралығында оқу-жаттығу жиынына қатысса, қараша айында Оңтүстік Кореяда өтетін Азия чемпионатына дайындалады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: