Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияны жеңді

11.09.2023, 8:15 149

HALYQLINE.KZ

10 қыркүйекте футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі H кіші тобының алтыншы туры ойындары тізгін қақты. Астанада өз алаңында Солтүстік Ирландия құрамасын қабылдаған Қазақстан 1:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша Қазақстан құрамасы өз тобында екінші орынға қайта жоғарылады.

Қазақстан құрамасы ойынның алғашқы секундтарында-ақ 30 мың орындық толы аренаның, оған қоса осы матчқа арнайы келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен атақты боксшы Геннадий Головкиннің қолдауын жақсы сезінді.

Аса маңызды әрі жауапты матч жасағын құрама тәлімгері ең тәжірибелі футболшылардан түзді: Игорь Шацкий, Еркін Тапалов, Марат Быстров, Александр Марочкин, Нұралы Әліп, Роман Вороговский, Бахтияр Зайнутдинов, Абзал Бейсебеков, Асхат Тағыберген, Рамазан Оразов және Максим Самородов.

Алаң иелері ойынның 19-шы минутынан бастап біртіндеп өрістетіп, өз артықшылықтарын арттыра бастады. ирландиялықтардың қақпасына алғашқы допты Бақтияр Зайнутдинов соқты, бірақ ол қақпаның жанынан өтіп кетті. Одан соң келесі минуттарда әрі бастапқы таймда «Ақтөбенің» форварды – Максим Самородов көзге түсе білді, ол осы ойынның бірінші голын соғып, Қазақстан құрамасын алға шығарды.

Көзді ашып-жұмғанша ол сары қағаз алып қалды. Себебі симуляция деп көрсетілді. Ал 42-ші минутта Самородов пен Әліп қақпаны голдан қорғап қалды. Иә, қазақстандық ойыншылар ирландиялықтарға есепті теңестіруге мүмкіндік бермеді. Осылайша 1: 0 есебімен командалар үзіліске кетті.

Екінші таймның басында-ақ қарсыластарымыз нәтижені теңестіріп кете жаздады, бірақ қақпашымыз Игорь Шацкий өз жұмысын қалтқысыз атқарды. Көп ұзамай гол авторы Максим Самородов жарақат алып, оның орнына Исламбек Қуат алаңға шықты. Ойынның екінші жартысында екі тарап та барын салды, қызықты әрі қауіпті сәттер көп болды, бірақ командалардың ешқайсысы табысқа жете алмады. Осылайша Магомед Адиевтің шәкірттері – 1:0 қорытынды есеппен ойынды аяқтады. 

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: