Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан Кубогының шешуші ойындарында VAR жүйесі қолданылады

28.10.2021, 15:40 220

HALYQLINE.KZ Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы OLIMPBET-Қазақстан Кубогы ойындарында VAR жүйесін пайдалануға FIFA-ның ресми рұқсатын алды. 

Қазіргі уақытта бірқатар отандық футбол төрешілері, оқудың барлық кезеңдерінен өтіп, ресми ойындарда VAR (video assistant referee) және AVAR (assistant VAR) ретінде жұмыс істеу үшін FIFA ұйымынан қажетті лицензияларды алды. 

Келесі маусымда OLIMPBET-Суперкубок, OLIMPBET-Чемпионат және OLIMPBET-Кубогының ойындарында қызмет көрсетуге жоспарланған барлық төрешілер үшін оқыту және лицензиялау процесі жалғасуда. 

Осы маусымдағы Кубоктің жартылай финалдық және финалдық ойындары FIFA және IFAB бекіткен VAR хаттамасына сәйкес өтеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: