Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қайсар» жаңа бапкер іздеуге кірісті

20.05.2021, 15:55 478

Қызылордалық «Қайсар» футбол клубының басшылары командаға жаңа бапкер іздеуді бастады. Бұл туралы спорт журналисі Айдын Қожахмет өзінің телеграм арнасында мәлімдеді.

Оның айтуынша, қызылордалық клубтың басшылары алғашқы кандидатқа ұсыныс тастап та үлгерген екен. Ол – ресейлік маман Дмитрий Кириченко. Дегенмен, ресейлік маман клуб басшылығының ұсынысынан бас тартқан.

Арнада айтылғандай, мәселенің барлығы ұсыныстың нашар болуында. Айдын Қожахмет бұл ұсынысты «бас тарту үшін шақыру» деп бағалаған. Келісімнің талаптары бойынша, бас бапкер айына 8-9 мың доллар жалақы ала алады. Бірақ, өзінің көмекшілерін ертіп келе алмайды. Олардың орнына бапкердің көмекшісі рөлін Шойтымов пен Шерімбетов алып жүреді.

Өзін жоғары бағалайтын кез келген маман мұндай ұсынысты қабыл алмайтыны түсінікті. Табылса да ұзақ іздеу керек болады. Журналистің пікірінше, клуб басшылығының ойы да – сол. Әкімдікке ешкімнің келіспегенін айтып ақталып, ол орынға өз адамдарын отырғызу екен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: