Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қайсар» капитандықты кімге табыстады?

29.01.2021, 14:04 501

HALYQLINE.KZ «Қайсар» командасы жаңа капитан тағайындады» деп хабарлайды қызылордалық клубтың баспасөз қызметі.

Бұл 27 жастағы жартылай қорғаушы Думан Нәрзілдаев болмақ. Бұған дейінгі капитан клубтан қысқы трансферлік кезеңде кетуге шешім қабылдаған Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген болған еді.

Нәрзілдаев – Қызылорда футболының тәрбиеленушісі, өзінің туған командасында 2012 жылдан бері ойнайды. Өткен маусымда ол ҚПЛ-дің 18 матчында бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді, ал оның командасы жетінші орынға ие болды.

Айта кетейік, осы күні «Қайсар» оқу-жаттығу жиынын Түркияда өткізіп жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: