Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қайсар» футбол клубы аукционға қойылды

06.10.2020, 12:30 1905

HALYQLINE.KZ Қызылордалық «Қайсар» футбол клубы 104 миллион теңгеге аукционға қойылды.

«Сауда-саттық түрі: сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беріледі. Бастапқы бағасы – 104 миллион 223 мың теңге, кепілді жарна – 15 миллион 633 мың 450 теңге, аударылған үлес – 3 миллион 546 мың 81 теңге», – делінген мемлекеттік мүлік тізімінің электрондық сауда алаңында шығарылған ақпаратта.

Қазір «Қайсар» Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қол астында екенін айта кетейік.

Осы маусымда «Қайсар» еуропалық жарыста алғашқы кездесуін өткізді, бірақ Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде олар Кипрдің АПОЭЛ командасына есе жіберді – 1:4. Қазақстан чемпионатында қызылордалық клуб 11 ойында 16 ұпай жинап, алтыншы орында келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: