Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қайсар» алғашқы матчында жеңіліс тапты

24.02.2022, 16:15 546

HALYQLINE.KZ  Қызылордалық «Қайсар» жаңа маусымға дайындық барысындағы алғашқы жолдастық кездесуін өткізді.

«Қайсар» «Оңтүстік Академия» командасымен кездесіп, 3:5 есебімен есе жіберді.

Ойынның алғашқы жартысында қос тарап бір-бір голдан соқты. «Қайсардың» сапынан қаралымда жүрген Нұрбол Ануарбеков көзге түсті. Кездесудің екінші бөлігінде қаралымдағы тағы бір футболшы Амаль Сейтов пен Аян Құлмағанбетов бір доптан соғып, командасын алға шығарды. Бұл сәттен кейін бас бапкер Сұлтан Әбілдаев жергілікті жас футболшылар мен қаралымдағы футболшылардың әлеуетін байқауға көшіп, алаңға шығарды. Сол сәтті тиімді пайдаланған алаң иелері жеңісті жұлып алды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: