Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Олжастың олжасы

11.04.2023, 8:55 306

HALYQLINE.KZ

Қазалы ауданының спортшылары спорттың қай түрінен болмасын өзгелерден оза шауып, оқ бойы озып келеді. Соның дәлелі ретінде 9-10 сәуір күндері Астана қаласында ересектер арасында грек-рим күресінен өткен Азия чемпионатынан олжалы қайтқан Олжас Сырлыбайды айта аламыз. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бозкілем батырлардың айқасында №17 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебіндегі грек-рим күресінің балуаны, жерлесіміз Олжас Сырлыбай 97 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қола жүлдені қанжығасына байлады.

Нақтыласақ, үшінші орын үшін белдескен мақтанышымыз Үндістан балуаны Narinder Cheеma-ны 4:1 есебімен жеңіп, қоржынын тағы да жүлдеге толтырды.

Жерлесімізді жеңісімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарына сәттілік тілейміз!

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: