Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мақсаттың Мақсатқа лебізі

04.07.2022, 12:00 326

HALYQLINE.KZ «Қайсар» футбол клубының капитаны Мақсат Байжанов Қазақстан барысының су жаңа жеңімпазы, жерлесіміз Мақсат Исағабыловты жарқын жеңісімен құттықтайды.

– Бәсі биік бәсекеге баланатын Қазақстан барысында кіл мықтылар сынға түсетіні белгілі. Жүйріктер арасында дара шыққан Мақсат Исағабыловты бүгінгі жеңісімен құттықтаймын. Бап пен бақ қатар шапса, бағындыра алмайтын биігі болмайтынын жерлесіміз айқын аңғартты. Мақсат боз кілемге беттеген сәттен бастап «Қайсар» футбол клубы Сыр жұртшылығымен бірге тақым қысып, теледидар арқылы қолдау көрсетті. Балуанға оң-солы бір екенін Мақсат бүгін Елорда төрінде дәлелдей білді. Сыр жампозына әрдайым айы оңынан тусын деп тілек білдіремін. Және алдағы жарыстарда балуанның жеңісті жорығы жалғаса берсін, – деп тілек қосты футболшы Мақсат Байжанов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: