Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мақсат Байжанов «Қайсардың» спорт директоры қызметіне тағайындалды

13.12.2022, 18:05 611

HALYQLINE.KZ Мақсат Байжанов жаңа қызметке тағайындалды. Футбол мансабын аяқтаған мақтанышымыз Мақсат Байжанов биылдан бастап клубтың спорт директоры қызметін атқарады. Кемел кезеңге жеткен Мақсат Дүйсенбекұлы енді «Қайсардың» жарқын болашағына атсалысатын болады.

Мақсат Байжанов кәсіби футболшы ретінде 2002 жылы «Қайсар» футбол клубынан бастап, Қазақстан Премьер-лигасының 7 клубында өнер көрсетті. Атап айтқанда, «Қайсар», «Ертіс», «Ақтөбе», «Локомотив», «Атырау», «Жетісу», «Шахтер» командаларында ойнады. Техникалық жағынан тәжірибелі ойыншы ретінде Қазақстан Ұлттық құрамасында 30 кездесу өткізді.

Екі рет ел чемпионы, екі рет Қазақстан кубогының иегері болды. Чемпиондар және Еуропа лигасына қатысқан алғашқы қызылордалық футболшы екені де елеулі белесін білдіреді. Сондай-ақ Серік Жейлітбаев атындағы сыйлықтың иегері.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: